Астана соты әлеуметтік желіде ұлттық алауыздықты насихаттайтын ақпарат таратқан ер адамды қамауға алуды санкциялады - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астана соты әлеуметтік желіде ұлттық алауыздықты насихаттайтын ақпарат таратқан ер адамды қамауға алуды санкциялады

Астана соты әлеуметтік желіде ұлттық алауыздықты насихаттайтын ақпарат таратқан ер адамды қамауға алуды санкциялады

Астана қаласы Сарыарқа ауданының №2 аудандық сотында ҚР ҚК-нің 174-бабының 1-бөлігі бойынша айыпталған Сәкен Бәйкеновке қатысты қамауға алуды санкциялау туралы материал қаралды.

  • 10 Наурыз 2015
  • 871
Фото - Caravan.kz

ҚР ҚК-нің 174-бабының 1-бөлігінде «ұлттық алауыздықты қоздыруға, азаматтардың ұлттық ар-намысы мен қадiр-қасиетiн қорлауға бағытталған қасақана әрекеттер, бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалана отырып, ұлттық алауыздықты насихаттайтын ақпарат тарату жолымен жасалған іс-әрекеттер» қаралған.

«С.Бәйкенов 2015 жылғы 9 қаңтарда «Фэйсбук» әлеуметтік желісінде ұлттық алауыздықты насихаттайтын ақпаратты тарату жолымен азаматтардың ар-намысын қорлауға бағытталған жазбалар жариялады. Астана қаласы Сарыарқа ауданының №2 аудандық сотының қаулысына сәйкес С.Бәйкеновке қатысты 2 ай мерзімге «қамауға алу» түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды», деп хабарлайды Астана қалалық сотының баспасөз қызметінен.