Астана соты Ерасыл Әубәкіровтің өлтірілуі ісі бойынша ұсталғандардың бірін тұтқындауға санкция берді - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астана соты Ерасыл Әубәкіровтің өлтірілуі ісі бойынша ұсталғандардың бірін тұтқындауға санкция берді

Астана соты Ерасыл Әубәкіровтің өлтірілуі ісі бойынша ұсталғандардың бірін тұтқындауға санкция берді

Астана қаласындағы Алматы ауданының № 2 аудандық соты А.Мейірбаевқа қатысты бұлтартпау шарасы ретінде  тұтқынға алуға санкция берді, деп хабарлады елордалық соттың баспасөз қызметі.

  • 12 Ақпан 2016
  • 561
Фото - Caravan.kz


А.Мейірбаев ҚР ҚК-нің 99-бабы 2-бөлігі 7-тармақшасында (бір топ адамдардың алдын-ала сөз байласумен кісі өлтіруі) көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасауға күдіктелуде.

Еске сала кетейік, осы жылғы 10 ақпанда Астана қаласы ІІД-нің қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында бұдан бұрын хабар-ошарсыз жоғалып кеткен Е.Әубәкіровтің денесін тапқан болатын.