Астана тұрғындары беймәлім ұшатын нысанды байқаған - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астана тұрғындары беймәлім ұшатын нысанды байқаған

Астана тұрғындары беймәлім ұшатын нысанды байқаған

Астаналық журналист «Асыл тас» («Изумрудный квартал») кешеніндегі екінші биік ғимараттың төбесінен белгісіз ұшатын нысанды байқап, суретке түсіріп алған.

  • 3 Ақпан 2017
  • 1122
Фото - Caravan.kz

Бұл кешкі сағат сегіздер шамасында болыпты. Журналист Гүлмира Сарбасова түсіріп алған суретін Фейсбуктегі парақшасына салды, деп хабарлайды Caravan.kz тілшісі.

Журналист бұл белгісіз нысаннан шашылған сәуленің түрлі-түсті болғанын және әртүрлі боп құбылып тұрғанын айтады. «Бір таң қалғаным, айналамдағылардың ешқайсысы оған қызығушылық танытпады. Олар мұны тіпті көрмегендей кейіпте болды» дейді Гүлмира Сарбасова.