Астана тұрғындары: Түні бойы айналаны елестер кезіп, лифтімен кіріп-шыққаны анық байқалады - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астана тұрғындары: Түні бойы айналаны елестер кезіп, лифтімен кіріп-шыққаны анық байқалады

Астана тұрғындары: Түні бойы айналаны елестер кезіп, лифтімен кіріп-шыққаны анық байқалады

Елорданы елес кезіп жүр. Қаладағы кейбір тұрғын үйлердегі тылсым құбылыстар жайлы соңғы кездері жиі айтылып, жиі жазылуда. Сондайға тап болғандар үрейлерінің ұшқанын айтса, бойларын қорқыныш билегендері тіпті баспаналарынан көшіп кетуге мәжбүр болған.

  • 22 Мамыр 2018
  • 369
Фото - Caravan.kz

Ел аузындағы айтылып жүрген бұл әңгімелер қаншалықты рас? Әлде әншейін қауесет пе? Бұл туралы stan.kz Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Астананың қақ төріндегі мына үйдегі кейбір тұрғындардан соңғы жылдары маза кеткен. Интернет-порталдың біріне сұхбат берген зейнеткердің сөзінше, олар тұрып жатқан подъезде елес бар көрінеді. Ол, тіпті, түннің бір уағында лифтімен арлы-берді жүреді екен.

“Өткенде осында тұратын көршілеріміз бір әңгіме айтқанда таңғалдым. Үйге келіп, қонақ болған кезде “түн уақытында неге далаға жиі шығып, лифтпен көп жүресіздер?” деп сұрады. Себебі, қазір біздің қабатта бізден басқа пәтер иелері жоқ. Басқалардың бәрінде квартиранттар. Бірнеше апта болды, олар да көшіп кеткен. Көршілеріміз лифттің ашылып-жабылғаны, онымен біреу жүргені бәрі естіліп тұрады дейді”.

Әжей бұл тылсым құбылысты оқиғамен байланыстырады. Осыдан екі жыл бұрын өрт шығып, кейін екі бойжеткен жоғары қабаттардан секіріп, мерт болыпты. Мұндай оқиғалар жиілегесін, біраз адам көшіп те кетіпті. Оның бұл уәжін танымал эксрасенс Бақыт Жұматова да растап, өзі білетін сырымен бөлісті.

Байқоңыр жақта 1, 2, 3 қабаттарда тылсым күштер көп. 23-қабатта тұрған адамдар, тірі адамдар. Олар сол қабатқа келіп өледі екен. Олар ол үйден көшіп кетті. Қазір отбасылардың бәрі ауырады. Адамдар таңғы 4, 2, 3-тің уақыттарда өзіне қол жұмсайды. Бұл уақытты – Жынның уақыты деп атайды” – дейді экстрасенс Бақыт Жұматова.

Арлан Ахметов – бақсы. Бұл қасиет ата-бабамнан дарыды деген ол, елестерді жиі көретінін айтады. Тіпті, олар оған өмір сүруге кедергі де келтіріп бағады екен. Мұндай құбылыстарға қарсы тұрудың жолын білемін деген бақсы, бұл күнде адамдарға жаман энергетикадан арылуға көмектесіп жүрмін дейді. Барлық жоралғыларды оттың көмегімен жасайды екен. Себебі, көк түтін жын-перілерді қуады-мыс.

«Бұрыннан мәлім ескі жөн-жоралғылар бар. От жағу арқылы адамды түрлі энергетикадан тазартамын. Адамның аурасы үш метрден сезіледі. Соны түтінмен аластаймын» – дейді бақсы Арлан Ахметов.

Ал дін өкілдерінің елеске қатысты пайымы бөлектеу. Мұндай тылсым құбылыстарды көбінесе науқас адамдар, яғни психикалық ауруға душар болғандар көреді екен. Миы зақымданған адамдарды да елес үйірсектейтін көрінеді.


“Елес – ол әруақ елес болып келеді деген. Бұл Ислам шариғаты бойынша қарама-қайшылық бар. Исламда әруақтар адамдарға елес болып келмейді. Керісінше, шайтандар өткен ата-бабасының елесінде келуі мүмкін. Адамды шатастыру үшін азғыру үшін келуі мүмкін” – дейді Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасы құламалар кеңесінің хатшысы Ершат Оңғаров.

Ал, эстрасенс Бақыт Жұматова “Астанадағы кейбір нысандарда елес бар екен” деген әңгіменің шығуы тектен-тек емес дейді. Себебі, кейбір тұрғын үйлер ескі қорымдардың үстіне салынып кеткен көрінеді. Оған Астананың бұрынғы атауының «Ақмола» деп бекер қойылмағаны дәлел дейді ол.

“Қасынан өтіп бара жатып көрдім. Зираттың орны тұр. Ақмола деп аты да айтып тұр. Көп үйлердің асты қабір. СІМ қасында мектеп бар. Ол да зираттың үстіне орналасқан”, – дейді Бақыт Жұматова.

Осылайша, экстрасенстің пікірінше, елес кезіп жүрген жерлерден аулақ жүруге тырысу қажет, тіпті, мүмкіндік болса көшіп кеткен абзал. Ал, дін өкілдері болса, өлілерден қорқудың қажеті жоқтығын алға тартады. Ең бастысы – адам таза жүріп, таза тұрып, аузынан дұғасын тастамаса тылсым дүниелер мен түрлі елестер оның маңына да жуымайтынын айтады.

Оқи отырыңыз:

«Екі ұлым келіндердің айтқанынан шыға алмады»: Қайыршы ата қалай жалғыз қалғанын айтып күрсінді

2017 жылы Қазақстанда ұл балалар көп туды – статистика 

Елімізде қабірге биік құлпытас пен зәулім кесене орнатуға тыйым салынды
 

 

 

Соңғы жаңалықтар