Астанада 12 қабаттан бір жұмысшы құлады - ТЖМ - kaz.caravan.kz
  • $ 477.17
  • 543.26
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
29 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада 12 қабаттан бір жұмысшы құлады - ТЖМ

Астанада 12 қабаттан бір жұмысшы құлады - ТЖМ

Астана. 14 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" -Астанада құрылыс нысанының 12 қабатынан бір жұмысшы құлады, деп хабарлайды агенттік Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

  • 14 Желтоқсан 2007
  • 342
Фото - Caravan.kz



Баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, төтенше оқиға 13 желтоқсан күні қаладағы құрылыс нысандарының бірінде болған.

«Құрылыс жұмыстарын жүргізу барысында үйдің 12-ші қабатынан 27 жастағы жұмысшы құлап, алған жарақаттардан қайтыс болды», — деп түсіндірді баспасөз қызметінде.