Астанада 6 оқушы ағылшын тілінде ҰБТ тапсырады - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада 6 оқушы ағылшын тілінде ҰБТ тапсырады

Астанада 6 оқушы ағылшын тілінде ҰБТ тапсырады

Ағылшын тіліндегі сынақтан Спектрум мектебінің 3 түлегі және №8, 4 және 77 мектеп оқушылары өтеді.

  • 24 Мамыр 2018
  • 64
Фото - Caravan.kz

Астана мектептерінің 6 түлегі Ұлттық бірыңғай тестті ағылшын тілінде тапсырады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі қалалық білім басқармасына сілтеме жасап.

«Биыл Астанада 5 870 оқушы мектеп бітіреді. Олардың 90 проценті — 5 329 оқушы Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысады. Оның ішінде, 3 293 оқушы қазақ тілінде, 2030 — орыс тілінде және 6 оқушы — ағылшын тілінде тапсырады», — делінген қалалық білім басқармасының хабарламасында.

Атап айтқанда, ағылшын тіліндегі сынақтан Спектрум мектебінің 3 түлегі және №8, 4 және 77 мектеп оқушылары өтеді.

«Сонымен бірге, ҰБТ Астанадағы 3 университет базасында ұйымдастырылады. Олар: Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті және Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университеті. ҰБТ өткізу орындарында онлайн көрсетілім қызметімен қамтамасыз етілген», — деп хабарлады мекеме.

Айта кетейік, Астана қаласында ҰБТ 2018 жылдың 20 маусынан 1 шілдеге дейін өтеді. Өткізу уақыты: сағат 9.00-ден 12.30-ға дейін.


Еске сала кетсек, Астананың білім басқармасы қоршаған ортаны қорғау мақсатында жалпы білім беру мектептерінен әуе шарларын ұшырмауды талап етті.

Оқи отырыңыз:

Атырауда жол апатынан жүргізуші қаза болып, 3 адам ауруханаға жеткізілді

Дауыл салдарынан Астанаға келген шығын мөлшері анықталды

Бүгін әлемді аузына қаратқан Димаштың туған күні
 

 

 

Соңғы жаңалықтар