Астанада 9 жеңіл көлікті бірден соққан автобус жүргізушісі жұмыстан шеттетілді - kaz.caravan.kz
  • $ 491.37
  • 570.48
+31 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада 9 жеңіл көлікті бірден соққан автобус жүргізушісі жұмыстан шеттетілді

Астанада 9 жеңіл көлікті бірден соққан автобус жүргізушісі жұмыстан шеттетілді

Astana LRT компаниясы автобус пен 9 жеңіл көлік соқтығысқан жол апаты туралы пікір білдірді.

  • 24 Тамыз 2017
  • 828
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

«14:30-да №1 автобус паркіне тиесілі №9 бағдардың Iveco маркалы автобусы 20 км/сағ жылдамдықпен келе жатып («Vialon Pro»  GPS-бағдарламасының мәліметі бойынша) алдыңғы көліктерге соғылған. Оқиға салдарынан 9 жеңіл көлік бір-біріне соғылды. Жүргізуші таңертең жұмысқа кіріспес бұрын медициналық тексеруден өткен, ал көлік болса техникалық тексеруден өткен», — дейді компаниядағылар.

«Алдын ала мәлімет бойынша, тежегіштің істен шығу нұсқасы нақтыланбайды», деп мәлімдеген Astana LRT таратқан хабарламада.


Қазіргі таңда жүргізуші жұмыстан шеттетілді. Астана ІІД тергеу жүргізіп жатыр, ресми қорытынды тергеу аяқталған соң ғана қойылады. 

Барлық құқықтар қорғалған. inform.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз http://www.inform.kz/kz/astana-lrt-avtobustyn-on-shakty-zhenil-kolikti-sogyp-ketu-okigasyna-katysty-pikir-bildirdi_a3057884