Астанада ай сайын 1400 жаңа кәсіпорын ашылады - «Kazakhstan Today» агенттігі» ЖШС
  • $ 448.56
  • 478.03
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада ай сайын 1400 жаңа кәсіпорын ашылады

Астанада ай сайын 1400 жаңа кәсіпорын ашылады

Қала экономикасындағы шағын және орта бизнестің үлесі 54,4 пайызды құрады.  Астана мемлекеттік қызметшілердің қаласынан кәсіпкерлердің қаласына айналды.

  • 12 Қыркүйек 2018
  • 19
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы «Астана ақшамы» газетіне берген сұхбатында Астананың экс-әкімі Әсет Исекешев айтты, деп хабарлайды Елорда Инфо.

Әр ай сайын 1400 жаңа кәсіпорын ашылуда. Ал жыл басынан бастап Астанада 12 мың жаңа жұмыс орны құрылды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 16,5 пайызға көп. Оның 10,9 мың орны – шағын және орта бизнес саласында.

«Қазірдің өзінде біз елорда экономикасында елеулі өзгерістерді көріп отырмыз. Туризм, өңдеу өнеркәсібі, АКТ, көлік сияқты салалар айтарлықтай өсімді көрсетіп отыр, ал мемлекеттік басқару секторы бойынша ЖӨӨ үлесі төмендеуде. Бұл Астана қаласының мемлекеттік қызметкерлер қаласынан кәсіпкерлер қаласына айналғанын тағы да дәлелдейді.

Тағы бір дерек, бүгінде қаланың басты инвесторы кім деп ойлайсыз? Бұл – шағын кәсіпкер. Қаланың барлық инвестицияларының шамамен 70 пайызы – шағын бизнестен, тіпті орташадан да емес», — деді ол.


Соңғы жаңалықтар