Жарияланды: 360

Астанада Алаш және Алаш Орда тарихына арналған мұрағаттық құжаттар көрмесі өтеді

21 қараша күні Астана қаласының Мұрағаттар және құжаттамалар басқармасы

«Алаш және Алаш Орда тарихы - мұрағат құжаттарында» атты тақырыппен халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізеді. Аталған шара Алаш Орда үкіметі құрылуының 95 жылдығына арналып отыр. Мұрағаттардан табылған құжаттардың негізінде Қазақстан ғылымдары, тарихшы-мұрағатшылар, сондай-ақ Омбы, Томск қалаларынан келген әріптестер негізгі баяндамалар жасайды. Конференция аясында «Алаш арыстары» бірегей фотодеректі көрме ұйымдастырылады. Қазақстан мен Ресей Федерациясы мұрағаттық мекемелерінің бірлескен күш-жігерінің арқасында Қазақ зиялылары таңдаулы өкілдерінің өмірі мен қызметі туралы бұрын көпке мәлім болмай келген құжаттар алғаш рет көпшілік назарына ұсынылатын болады. Конференцияға ғылым саласының көрнекті қайраткерлері, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің, ҚР БҒМ Ғылым комитеті Мемлекет тарихы институтының ғалымдары, Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағатының, Ұлттық академиялық кітапханасының, Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасындағы Елшілігінің, ҚР-дағы Татарстан, Башқұртстан Елшілігі өкілдерінің жауапты қызметкерлері және басқалар шақырылып отыр.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін