Жарияланды: 490

Астанада әлемдік дәстүрлі ұлттық діндердің құрылтайы қарсаңында "Құқық пен тәртіп" операциясы өткізілуде

Қыркүйектің 3 мен 13-і аралығында Астанада әлемдік дәстүрлі ұлттық діндердің құрылтайы қарсаңында "Құқық пен тәртіп" операциясы өткізіледі. Бұл туралы бүгін, 3-қыркүйекте өткізілген баспасөз мәслихатында Астана қалалық ІІББ бастығының орынбасары Александр Чаус хабарлады.

"Осынау кең көлемді шара барысында біз 23-25-қыркүйекте Астанада өтетін әлемдік дәстүрлі ұлттық діндердің құрылтайына келетін меймандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету деңгейін арттыру үшін қаланы қылмыстық элементтерден толыққанды "тазартуымыз" керек",- деді ол. А.Чаустың айтуынша, шара 2 кезеңмен өткізіледі. 3-7-қыркүйек аралығында өткізілетін бірінші кезеңде Қазақстан аумағына заңсыз келіп жасырын тұрып жатқан адамдарды анықтауға бағытталған арнаулы жедел іздестіру шаралары жүргізіліп, заңсыз көші-қон арналарын анықтау және ондай әрекеттердің алдын-алуға қадамдар жасалады. 8-13-қыркүйек арасындағы екінші кезеңде қала көшелері мен қоғамдық орындардағы құқық қорғау мен тәртіп сақтауды қамтамасыз етуге бағытталған жедел-профилактикалық шаралар өткізіліп, заңсыз сақталған қару-жарақтар мен оқ-дәрілер тәркіленеді. Сот пен тергеуден жасырынып жүрген адамдар анықталады. А.Чаустың хабарлауынша, халықаралық деңгейдегі шараны өткізуге дайындық жұмыстарын жүзеге асыру үшін республикалық штаб құрылып, оны ҚР ішкі істер министрінің орынбасары Иван Отто басқаратын болды. Алдын-ала мәлімет бойынша, құрылтайға дүниежүзінің әртүрлі елдерінен 2000-нан астам адамнан тұратын 15-20 делегация келеді деп күтілуде. "Елорда қонақтары мен делегация жетекшілерінің қауіпсіздігін, сондай-ақ, Астана көшелеріндегі тәртіпті қамтамасыз ету жұмысына көршілес облыстардың құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен Қарағанды ІІМ институтының тыңдаушылары жұмылдырылады. Бұл күндер әсіресе жол полициясының қызметкерлері үшін қауырт қимыл күндері болмақ",- деді А.Чаус. Оның пікірінше, ауқымы мен күрделілігіне қарай, қорғаудағы адамдар айрықша көп келгелі отырған мұндай шара бұрын-соңды Астанада өткізіліп көрген ем

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін