Астанада еңбекке жарамсыздық парағы 2500 теңгеден саудалануда - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада еңбекке жарамсыздық парағы 2500 теңгеден саудалануда

Астанада еңбекке жарамсыздық парағы 2500 теңгеден саудалануда

Астанада еңбекке жарамсыздық парағы 2500 теңгеден саудалануда.

  • 20 Ақпан 2019
  • 13
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Жұмыстан себепсіз қалсаңыз, ауырып қалғаныңызды растайтын жалған құжатты жасатуға болады. Дәл осындай қызмет ұсынған қылмыстық топтың әрекеті әшкере болды. Бұл туралы елордалық полицейлер мәлімдеді. «Еңбекке уақытша жарамсыздық» атты ресми құжатты саудаға салған басқа емдеу мекемелері бар ма? 

Еңбекке уақытша жарамсыздық туралы анықтаманы саудалаған ақ халаттылар қолға түскен. Жұмысқа не сабаққа себепсіз қалғандарға дәрігер мен мейірбике «көмек» беріп келіпті. Босатылған бір күн үшін 2,5 мың теңге сұраған.

АСТАНА ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ:
«Қаладағы емханалардың бірінде еңбекке уақытша жарамсыздық туралы жалған анықтаманың сатылу дерегі анықталды. Құжат үшін 10 мың теңге алған мейірбике мен дәрігер ұсталды. Сондай-ақ, полицейлер делдал міндетін атқарған қала тұрғынын да қолға түсірді. Қазіргі уақытта ҚР ҚК 385 бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталған».

Мұндай анықтама сатылатынына таң қалысқан адам аз. "Өзім алдым" деп айтпаса да, дерек туралы естіген. Себептердің бірі — жалақының аздығы дейді.

«Что медики продают? Медики однозначно. Это же медсестры, мне кажется это их бизнес. Он кончено будет носить такой характер как дополнительный источник дохода».
«Нет, не сталкивалась…Ондай жайттар туралы естімеппін. Бірақ болуы мүмкін. Әр адамның тәрбиесіне байланысты дүние ғой».
«Сенбедім оған. Сатылмайды деп айтады ғой, өткізбейді ғой».

Анықтама сатып алуға ниетті адамның кейпіне біз де ендік. Бірақ емхана ішіндегі заңсыз сауданы көзіміз шалмады. Бәлкім делдал кезікпеді ме…

Еңбекке уақытша жарамсыздық туралы алу мүмкін болмады. Дәрігерлер сескеніп қалды ма дедік. Ал біз оқуға қажет 86-шы анықтаманы дәрігерлерге қаралмай-ақ алуға бола ма, жоқ па соны анықтамақпыз. Ғимарат ішіндегі әңгіме жасырын камераға түсірілетін болады».



Қызмет ақылы болған соң кассаға жөнелтті бірден. Бірақ құжат бір болғанымен, әр емхананың өз бағасы бар көрінеді.

“Сонда жазылып тұрады. Айтады сонда. Білмедім қанша екен бағасын. 5 000 екен”.
— Флюраңыз бар болса, алып келіңіз. Қан тапсырасыз саусағыңыздан.

— Негізі оның бәрін осы жерде жасауға болады ғой?

— 4 000 теңге.

— Қанша кабинетке кіру керек?

— 6 кабинетов».

Анықтамада көрсетілген дәрігерлердің тексеруінен өту уақыты да әр түрлі. Бір емханада ол үшін 1 сағат, басқасында 20 минут уақытыңды бөлуге тура келеді екен. Бұл айырмашылық кезекке ме әлде қосымша төлемге байланысты ма, әзірге біле алмадық.

Соңғы жаңалықтар