Астанада газ баллонын жармақ болған ер адам ұсталды - видео - kaz.caravan.kz
  • $ 520.93
  • 609.07
+24 °C
Алматы
2025 Жыл
13 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада газ баллонын жармақ болған ер адам ұсталды - видео

Астанада газ баллонын жармақ болған ер адам ұсталды - видео

Полиция қауіпсіздік шараларын түгел орындады, ер адамның талаптары тексеріліп жатыр, деп хабарлады ІІМ

  • 20 Ақпан 2019
  • 88
Фото - Caravan.kz

 Астанада Қазмедиа орталығы алдында газ баллонын жармақ болған ер адамды полиция қызметкерлері ұстады, деп хабарлады Sputnik Қазақстан тілшісі.

Полицейлер газ баллонын Қазмедиа орталығы алдынан алып кеткен.

Люди в здании Казмедиацентра

"Полиция қызметкерлері тиісті қауіпсіздік шараларын орындады. Қазір ер адамның барлық талабы тексеріліп жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталған соң толық ақпарат береміз. Қазір ер адамның әрекеті қоғамдық тәртіпті бұзу деп бағаланды. Оқиғаның анық-қанығын білу үшін ер адам Есіл ауданының полиция басқармасына жеткізілді", — деп хабарлады ішкі істер министрінің кеңесшісі – ведомствоның ресми өкілі Нұрділдә Ораз.

Бұдан бұрын хабарланғандай, болжам бойынша, ер адам Жамбыл облысы Ойтал ауылынан келген. Ол 20 жыл бойы қол жеткізе алмай жүрген жер учаскесін талап етті.