Астанада іргесінде дала лагері пайда болды - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада іргесінде дала лагері пайда болды

Астанада іргесінде дала лагері пайда болды

Астана іргесінде дала лагері пайда болды. Еліміздің түкпір-түкпірінен ең таңдаулы офицерлер Астанаға жиналып жатыр. Олар 7-ші мамырда Жеңістің 70 жылдығына орай өтетін ауқымды шеруге дайындықтарын бастады. Қалашықта сарбаздарға арнап асхана, монша тіпті амфитеатр да тұрғызылған. Ал екі айдан соң мыңдаған жауынгер мен жүздеген техника «Қазақ елі» монументі алдында сап түзейді. Биылғы бір ерекшелік, соғыста қолданылған зеңбіректер, танктер мен ұшақтарды ардагерлерінің өздері жүргізбек.

  • 18 Наурыз 2015
  • 359
Фото - Caravan.kz

Бұл Елорданың іргесіндегі әскери шеруге дайындық жүргізетін алаң. Күннің суықтығына қарамастан, әзірлік қызу. Жауынгерлер өздері тұратын шатырды тігіп әуреге түсіп жатыр. Болғандары ішінде пеш жағып, жылынып, жайғасып алған. Жалпы мұнда дәл осындай 150 шатыр тұрғызылмақ.

Әскери техника жүргізетін жауынгерлер де күні бойы бос емес. Бірі зеңбіректерді таситын көлігінің доңғалағын ауыстырып жатса, енді бірі зымырандарды орнатуда. Себебі, салтанатты сап құрар кезде бірде-біреуінен ақау шықпауы керек.

Алмас Тұрарбеков, Аягөз гарнизонына қарасты 10/810 әскери бөлімінің сарбазы:

-Біз үшін әскери шеруге қатысу ең басты мақсат.  Әзірге танктерді дайындау үстіндеміз. Парадқа дайындап кемшіліктерін түзетіп.

Жеңістің 70 жылдығына арналған шеру ойдағыдай өтуі үшін сарбаздарға қолайлы жағдай керек. Ол үшін мұнда әлі 4 дала моншасы мен 11 ас үй тұрғызылмақ. Әрі, сенбі-жексенбі сайын сарбаздар үшін концерт өтетін амфитеатр да бой көтереді. 

-Әзірге мұнда тек, «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының әскери техникасы мен жауынгерлері жеткізілген. Ертеңнен бастап өзге аймақтың сарбаздары да осында бет алатын болады. Ал сарбаздар  7-ші мамырға дейін осында өмір сүретін болады.

Бұрын соңды болмаған шеруге 5 мың сарбаз бен 300-ден астам  техника жұмылдырылмақ. Тіпті, соғыста жаудың көзін жойған атақты «Катюша» да тұңғыш рет шеруге қатысқалы жатыр. Сондай-ақ, зеңбіректер, танктер мен ұшақтардың бәрі болады. Қызығы сол, оларды отты жылдарды өз көзімен көрген соғыс ардагерлерінің өздері алып шықпақ.


Жұмабек Хасенов, ҚР Қарулы күштері Құрлық әскері бас қолбасшысының орынбасары:

-Соғыс жылдарындағы техникалардың бәрі өзіміздікі.  Өзімізде ескерткіш болып тұрған. Олардың бәрін Семейдегі зауытта қайтадан жөндеп жүргіздік. Солар шығады.

 Ардагерлердің өздері де  қатысатын шеруде Қарулы Күштер тағы күш қуатын паш етпек. Сондықтан сарбаздар 7-ші мамырға дейін тәулік бойы шатырлы қалашықта дамыл таппай дайындалады.