Жарияланды: 430

Астанада кіші станциядағы апат салдарынан екі кенттің тұрғындары жарықсыз қалды

Астана. 18 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Астанада кіші станциядағы апат салдарынан Автоматика және Өндіріс кенттерінің тұрғындары жарықсыз қалды, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 17 қарашада сағат 00.51-де қалалық орталық "Елизаветинка" трансформаторлық подстанциясында электр жалғастыру желісінің қатып қалуы салдарынан ВЛ 110 кВт кабеліне ақау келді. Соның салдарынан Өндіріс кенті, ал сағат 07.32-де Автоматика кентінің тұрғындары жарықсыз қалды. Бірақ қалпына келтіру жұмыстары біраз уақыттан кейін аяқталып, жарық берілді. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін