Астанада мейрамханаға барып, астан ұшынғандар қатары тағы бес адаммен толықты - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада мейрамханаға барып, астан ұшынғандар қатары тағы бес адаммен толықты

Астанада мейрамханаға барып, астан ұшынғандар қатары тағы бес адаммен толықты

-Мейрамхананың барлық қызметкерлері де тексеріліп жатыр. Қазірдің өзінде 3 адам жұмыстан босатылды. Егер сот м

  • 1 Сәуiр 2015
  • 273
Фото - Caravan.kz

Барлығы қаланың қақ ортасында орналасқан мына ең қымбат «Старомодный» деген қымбат мейрамханадан ас ішкен екен. Содан кейін өздерін жаппай жайсыз сезіне бастаған. Ас ішуге келіп, жедел жәрдеммен әкетілген адамдар қазір жұқпалы аурулар ауруханасында жатыр. Арасында 6 жастағы бала да бар. 27 адамға «сальмонеллез» деген диагноз қойылған. Жағдайлары қалыпты болғанымен, дәрігерлер ұзақ емделуді қажет етеді деп отыр. Мән-жай анықталғанша мейрамхана есігіне қара құлып салынған. Ал Ішкі істер департаменті жаппай улану дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Сол күнгі дайындалған асқа қосылған азық-түліктің қайдан келгені және кімнің жеткізгені де жіті тексерілуде.


Федор Пеев, Астана қаласының бас санитар дәрігері қызметін уақытша атқарушы

-Мейрамхананың барлық қызметкерлері де тексеріліп жатыр. Қазірдің өзінде 3 адам жұмыстан босатылды. Егер сот мейрамхана басшыларын, өзге де қызметкерлерін айыпты деп тапса, онда ірі көлемде айыппұл төлейді немесе қамауға да алынуы да мүмкін.