Астанада өртенген ғимараттан әйел адам мен баланың мәйіттері табылды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+6 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада өртенген ғимараттан әйел адам мен баланың мәйіттері табылды

Астанада өртенген ғимараттан әйел адам мен баланың мәйіттері табылды

Елордадағы техникалық қызмет көрсету станциясында болған өрт орныннан әйел адам мен баланың денесі табылды.

  • 13 Наурыз 2018
  • 282
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы  Baq.kz  хабарлады. 

«13 наурыз күні 11 сағат 30 минутта «101» пультіне Сырымбет көшесіндегі өрт туралы хабар келіп түсті. Астана ТЖД өрт сөндіру қызметінің бөлімшесі оқиға орнына жеткен кезде үш қабатты коттедж өртке оранғаны белгілі болды. Екінші және үшінші қабаттары толық өрт құрсауында болған. Коттедждің бірінші қабаты техникалық қызмет көрсету станциясы ретінде жабдықталған, ал екінші қосалқы үй-жай болса, үшінші қабат — адамдар тұратын қабат. Кейіннен өрт шатыр арқылы жақын маңда тұрған екінші ғимаратқа таралды», — деді Астана ТЖД-да.

Департамент мәліметі бойынша, екі ғимараттағы өрт көлемі 300 шаршы метрді құраған. Сондай-ақ, өрт кезінде ТҚО ішінде болған автокөлік те жанып кеткен.

«Өрт 12 сағат 29 минутта оқшауланып, 12 сағат 47 минутта сөндірілді. Өрт сөндіру жұмыстарына жеке құрамның барлығы 31 адам мен 16 дана техника жұмылдырылды. Қазіргі уақытта бір зардап шегуші бар, 1994 жылы туған бойжеткеннің оң жақ тізесінің астыңғы бөлігі сынған. Өрт орнын қарау барысында әйел адам мен баланың денелері табылды. Өрттің шығу себептері анықталып жатыр», — деп хабарлады елордалық ТЖД-да.

 

 

Ұқсас тақырып:

Екібастұзда көршілер өртеніп жатқан үйден екі баланы құтқарып қалды
Өрттің салдарынан 2 адам мерт болып, үшеуі ауруханаға жеткізілді
Астанада тұрғын үйден шыққан өрт екі адамның өмірін жалмады

 

 

Соңғы жаңалықтар