Астанада Қазақстан халқы ассамблеясынан мәжіліс депутаттығына сайлауға дауыс беру өтіп жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада Қазақстан халқы ассамблеясынан мәжіліс депутаттығына сайлауға дауыс беру өтіп жатыр

Астанада Қазақстан халқы ассамблеясынан мәжіліс депутаттығына сайлауға дауыс беру өтіп жатыр

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 20 - тамыз. Астананың Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстан халқы ассамблеясынан мәжіліс депутаттығына сайлауға дауыс беру өтіп жатыр, деп хабарлайды "ҚАЗАҚСТАН БҮГІН" агенттігінің тілшісі.

  • 20 Тамыз 2007
  • 381
Фото - Caravan.kz

Сайлау ассамблеяның 341 мүшесі қатысып отырған 13-ші сессиясы аясында өтіп жатыр. Тоғыз депутатты сайлау құпия дауыс беру жолымен өтеді.

Сессияны ашқан мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев, негізгі екі мәселе — ассамблеядан депутат сайлау және ассамблеяның жаңа конституциялық мәртебесіндегі бірінші кезектегі перспективті міндеттері қаралатындығын еске сала кетті. «Біздің жұмыстарымыз жемісті болады деп сенемін»,- деп қорытындылады президент.

Бұрын хабарлағанымыздай, Қазақстан халқы ассамблеясынан келесі үміткерлер ұсынылған: Мұрат Ахмадиев (ұлты ұйғыр), Валерия Виниченко (украин), Егор Капель (неміс), Раиса Полищук (орыс), Леонид Питаленко (белорус), Қайрат Садуақсов (қазақ), Рузакул Қалмуратова (өзбек), Людмила Хачиева (болгар), Виктор Цой (кәріс).