Астанада Қазақстан халқы ассамблеясынан мәжіліс депутаттығына сайлауға дауыс беру өтіп жатыр (толықтырылған нұсқа) - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада Қазақстан халқы ассамблеясынан мәжіліс депутаттығына сайлауға дауыс беру өтіп жатыр (толықтырылған нұсқа)

Астанада Қазақстан халқы ассамблеясынан мәжіліс депутаттығына сайлауға дауыс беру өтіп жатыр (толықтырылған нұсқа)

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 20 - тамыз. Астананың Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстан халқы ассамблеясынан мәжіліс депутаттығына сайлауға дауыс беру өтіп жатыр, деп хабарлайды "ҚАЗАҚСТАН БҮГІН" агенттігінің тілшісі.

  • 20 Тамыз 2007
  • 406
Фото - Caravan.kz



Сайлау ассамблеяның 341 мүшесі қатысып отырған 13-ші сессиясы аясында өтіп жатыр. Тоғыз депутатты сайлау құпия дауыс беру жолымен өтеді.

Сессияны ашқан мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев, негізгі екі мәселе — ассамблеядан депутат сайлау және ассамблеяның жаңа конституциялық мәртебесіндегі бірінші кезектегі перспективті міндеттері қаралатындығын еске сала кетті. «Біздің жұмыстарымыз жемісті болады деп сенемін»,- деп қорытындылады президент.

Бұрын хабарлағанымыздай, Қазақстан халқы ассамблеясынан келесі үміткерлер ұсынылған: Мұрат Ахмадиев (ұлты ұйғыр), Валерия Виниченко (украин), Егор Капель (неміс), Раиса Полищук (орыс), Леонид Питаленко (белорус), Қайрат Садуақсов (қазақ), Рузакул Қалмуратова (өзбек), Людмила Хачиева (болгар), Виктор Цой (кәріс).

Президент сенбі күні өткен партиялық тізім бойынша мәжіліс депутаттығына сайлау туралы айта келе, «қазақстандытардың таңдауы Қазақстанды гүлденуге, бейбітшілік пен игілікке жетелейтін стратегияның дұрыстығын растады», деп атап өтті. «Барлық сайлауда жеңіске жететіндер мен жеңіліс табатындар бар, бірақ қазіргі жағдайда барлық қазақтандық жеңді деп ойлаймын»,- деп атап көрсетті Н. Назарбаев.