Бұл семинар ҚР Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің бастамасымен өткізіліп отыр.
Семинарға қатысушы президент әкімшілігінің, үкімет басшысы кеңсесінің, үкіметтің, парламенттің, орталық атқару органдардың, құқық қорғау және күш құрылымдарының өкілдері Қазақстандағы ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету
мәселесінің экономикалық, заңдық, ұйымдастырушылық және техникалық аспектілерін талқылауда. Сондай-ақ, ҚР Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің мемлекеттік ақпараттық ресурстарды қорғау және компьютерлік технологияларды қолдану арқылы жасалатын қылмыстарға қарсы күрес саласында мемлекеттік мекемелермен және құқық қорғау органдарымен ықпалдастық шараларын нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету мәселесі сарапқа салынады.