Астанада құжаттарды тексеру кезінде ер адам екі полиция қызметкеріне оқ жаудырды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада құжаттарды тексеру кезінде ер адам екі полиция қызметкеріне оқ жаудырды

Астанада құжаттарды тексеру кезінде ер адам екі полиция қызметкеріне оқ жаудырды

Астанада  құжаттарын тексеру барысында бір ер адам екі полиция қызметкеріне тапаншаны тіреп тұрып, бірнеше рет оқ атады, деп хабарлайды елордалық ІІД-нің баспасөз қызметі. 

  • 29 Ақпан 2016
  • 552
Фото - Caravan.kz

Ведомствоның мәліметінше, 27 ақпан сағат 22.10 минутта Астана қаласы жергілікті полиция қызметінің жол-патрульдік полиция қызметкерлері қызметтік міндеттерін орындау барысында, сол аумақта тонау жасаған күдіктілерді анықтау мақсатында құрылыс вагонда тұрып жатқан адамдардың құжаттарын тексеру барысында бір ер адам екі полиция қызметкерлеріне тапаншаны тіреп тұрып, бірнеше рет оқ атады.

Қызметкерлердің мәлімдеуінше, бұл жағдай күтпеген жағдайда кенет болған және де сол вагонның іші қараңғы, тар болған.

"Оқиға орнына жедел жеткен полиция қызметкерлері 43 жастағы Қарағанды облысының тұрғынын құрықтап, Астана қаласы ІІД Уақытша қамау изоляторына қамауға алынды. Құрықталған бұрын-сонды бірнеше рет сотты болғаны, оның ішінде аса ауыр қылмыс жасағаны (кісі өлтіру) туралы анықталды", — делнген хабарламада.

Оқиға болған орынды тексеру барысында («Наган» тапаншасы) анықталып, тәркіленді. Қажетті сараптамалар тағайындалды. Аталмыш факт бойынша ҚР 380 бабы бойынша («билік өкіліне күш көрсету»), 287 бабы бойынша («қаруды заңсыз алып-жүру»), 24 б.3-99 (кісі өлтіруге оқталу) сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде.


Полиция қызметкерлері құрықталғанның қала аумағында бұрын-сонды жасалған қылмыстарға қатыстығы анықталуда.

Жол-патрульдік полиция Полкінің қызметкерлері, полиция старшинасы Марал Тұрғынбаев 4 жерден және полиция кіші сержанты Ерболат Рыспеков 2 жерден жарақат алып, медициналық мекемеге жеткізілді.

Жарақат алған қызметкерлерді Астана қаласы ІІД бастығы полиция генерал-майоры Амантай Әубәкіров емханаға барып, қал-жағдайларын сұрап қайтты.

Елордалық ішкі істер департамент жетекшісінің мәлімдеуінше, полиция қыхметкерлеріне және олардың отбасыларына кешенді көмек көрсетілетіндігі туралы айтты.