Астанада саяси қуғын-сүргін құрбандарының монументін қала орталығынан "АЛЖИР" мұражайына көшіру рәсімі өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада саяси қуғын-сүргін құрбандарының монументін қала орталығынан "АЛЖИР" мұражайына көшіру рәсімі өтті

Астанада саяси қуғын-сүргін құрбандарының монументін қала орталығынан "АЛЖИР" мұражайына көшіру рәсімі өтті

Астана. 11 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Бүгін Астанада саяси қуғын-сүргін құрбандарының монументін қала орталығынан Ақмол кентіндегі "АЛЖИР" (Отанын сатқандардың әйелдерінің Ақмола лагерінің орысша атауының қысқартылған түрі - агенттік түсініктемесі) мұражайына көшіру рәсімі өтті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

  • 12 Маусым 2008
  • 642
Фото - Caravan.kz

«Осыдан бірнеше күн бұрын қала әкімдігі мемориалды көшіру туралы шешім қабылдады», — деп атап көрсетті рәсімде сөз сөйлеген Астана әкімінің орынбасары Әмірхан Рақымжанов. «Егер осыдан бірнеше жыл бұрын мемориал қала шетінде тұрса, соңғы жылдары оның айналасында цирк, неке сарайы, «Думан» демалыс орталығы секілді бірқатар мәдени ойын-сауық нысандары салынды. Мұндай нысандардың қоршауында тұрып, мемориал өзінің идеологиялық құндылығын жоғалтады. Оны көшіруіміздің себебі де осы», — деп түсіндірді ол.

Бұл ретте мемориал бой көтерген қорған сақталады, деп атап көрсетті Ә. Рахымжанов. Әкімдіктің баспасөз қызметі таратқа баспасөз-релизінде Астана әкімдігінің бұл ұсынысына мемлекет басшысының қолдау білдіргені айтылған.

Ә. Рахымжановтың айтуынша, мемориалды көшіру бойынша барлық жұмыстарды Астананың 10 жылдығы мерейтойы бойынша мерекелік шаралар басталатын шілде айының басына дейін аяқтау жоспарланып отыр.

Естеріңізге сала кетсек, саяси қуғын-сүргін құрбандарының мемориалы Астанада Қазақстан президентінің тапсырмасы бойынша 1997 жылы салынған. Ал мемориал көшіріліп жатқан саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алатын «АЛЖИР» мемориалдық-мұражай кешені Ақмол кентінде 2007 жылдың 31 мамырында ашылған. Ол мемлеке басшысының тапсырмасымен Қарлагтың саяси тұтқындарының отбасы мүшелері қамалған №26 лагерінің орнына салынған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті