Астанада су құбырында болған апаттан бес үй мен екі тұрғын үй кешенінің тұрғындары сусыз қалды
Астана. 14 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Астанада су құбырында болған апаттан бес үй мен екі тұрғын үй кешенінің тұрғындары сусыз қалды, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. |
ТЖМ ақпаратына сәйкес, 13 қарашада сағат 16.05-те Астана қаласының Мұстафин көшесінде "Енисей-А" ЖШС жер қазу жұмыстары кезінде диаметрі 300 миллиметрлік су құбырына ақау келді. Соның салдарынан Мұстафин көшесіндегі бес үй мен "Достар" және "Достар-2" тұрғын үй кешендерінің тұрғындары сусыз қалды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін