Астанада түркі тілдес мемлекеттердің 5-ші саммиті өтті
Дәл осы Қазақ хандығының 550 жылдығымен қатар Астанада түркі тілдес мемлекеттердің 5-ші саммиті өтті. Бұл жиынға да Әзірбайжан, Қырғызстан президенттері мен Түркия және Түркіменстанның өкілдері қатысты. |
Кеңесте әлемдегі геосаяси және геоэкономикалық жағдайдың түркі халықтарына әсері әңгіме болды. Елбасы, әсіресе, Палестина мен Израиль арасындағы жанжалды бейбіт жолмен шешу қажет екенін айтты. Себебі біз бұл елдерге жақын орналасқанбыз. Сондықтан Нұрсұлтан Назарбаев қазір ушығып тұрған лаңкестік, сепаратистік ұйымдарды қалайда жоюдың жолын табу қажет деді. Ал түркі тілдес мемлекеттердің кезекті отырысы, яғни 6-саммит Қырғызстанда өтетін болды. Халықарлық жиынның күнін белгілеуге келгенде Алмасбек Атамбаев аяқ астынан белсенділік танытты. Қырғыз басшысы Елбасын және кеңестің өзге де мүшелерін Ыстықкөлге шақырды. Сөйтіп, Атамбаев Назарбаевтың саммиттің нақты күнін бірден белгілеуге қолқа салды.
Алмазбек Атамбаев, Қырғызстан Республикасының Президенті:
- Нұрсұлтан Әбішұлы, біз саммитті Чолпан-Атада 15-25 тамыз аралығында өткізуді жоспарлап отырмыз. Өзіңіз күнді белгілесеңіз. Сіз ақсақалсыз ғой. Ыстықкөл жағалауы. Нұрсұлтан Әбішұлы бұл жерді жақсы біледі. Мен Сіздің аз болса да суда жүзгеніңізді қалаймын. Тура шомылатын маусым.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін