Жарияланды: 410

Астанада үкіметтің кезекті отырысы өтуде

Бүгін, 19-тамызда Астанада үкімет басшысы Даниал Ахметовтың төрағалық етуімен үкіметтің кезекті отырысы басталды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі Елордасы Астанадан.

Отырыстың күн тәртібіне 5 түрлі мәселе қойылған. Атап айтсақ, министрлер кабинетінің мүшелері Оңтүстік Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан және Батыс Қазақстан облыстары мен Астана және Алматы қалалары әкімдерінің "Маңызды азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру шаралары туралы" үкімет қаулысын жүзеге асыру бағытында тындырған жұмыстарының қорытындысын талқылайды. Сондай-ақ, ҚР әділет министрлігінің қылмыстық атқару жүйесін одан әрі дамытуға бағытталған шаралар, 2002-2003-жылғы нашақорлықпен және есірткі саудасымен күрес бағдарламасының жүзеге асырылуы, және 2004-2005-жылға арналған осындай бағдарлама жобасы сарапқа салынбақшы. Сонымен бірге, "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" заңды жүзеге асыру барысы мен парламентке ұсынылатын заң жобалары туралы талқыланады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін