Жарияланды: 490

Астанада ҰҚКД тергеу оқшаулағышының жанында жарылған жарылғыш құрылғысының қуаты 2,5 кг тротил болған

Астанада ҰҚКД тергеу оқшаулағышының жанында жарылған жарылғыш құрылғысының қуаты 2,5 кг тротил болған, деп хабарлады ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов.

«Сараптама көрсеткендей, жарылғыш затының аммиак-селитра қоспасының тротилге шаққандағы күші 2-2,5 кг болған», - деді ол дүйсенбі күні журналистерге. «Біз қазір не болғанын анықтап жатырмыз: не ол (жарылғыш құрылғысын - ҚазТАГ) сатуға келіп, жарылғыш заттарын алатын жері болған, не бұл оның жеке ойлары болған, немесе жарылғыш затын абайсызда жарып алған. Жарылғыш құрылғысының жүргізушінің артындағы орындықта жатқан сөмкені ішінде болғаны анықталды», - деп нақтылады министр. Сондай-ақ, ІІМ тергеу қаза болған екінші адамның аты-жөнін анықтағанын айтты. Ол 35 жастағы Сергей Подкосболып шықты. «Ол – Алматы облысының тумасы, бұрын қарақшылық үшін төрт рет сотталған, соңғы рет атыс қаруы мен есірткіні сақтағаны үшін сотталған. Бас бостандығынан айыру орнынан босаған соң 1,5 айдай Алматыда тұрып, Павлодар облысына көшіп кеткен. Алтын кенін өндіруші ұйымға жер қазушы болып орналасқан», - деді министр. Ол қазір бұл ақпарат қайта тексеріліп жатқанын атап көрсетті. «(Бас бостандығынан айыру орындарынан босап шыққан соң - ҚазТАГ) полицияға түспеген, (...) жұмысына кешікпей, уақытында барып отырған. Оның Екібастұзға қалай жеткенін анықтадық,. (Екібастұздағы - ҚазТАГ) такси жүргізушісі оның үлкен сөмкесі болғанын, кейін қаза болған такси жүргузішісі оны Астанаға алып кеткенін айтып отыр», - деді Қ. Қасымов. Бұрын хабарланғандай, 24 мамыр күні Астанада таңғы сағат 4 –те ҰҚК тергеу оқшаулағышының және «ҚТЖ» ҰК ғимаратының қасында автокөлік жарылды, 2 адам қаза болды. Тергеу «Ауди-100» маркалы (мемлекеттік номері S 103 ТЕМ), қызыл түсті, 1991 жылы шығарылған көліктің жарылғанын анықтады. Оқиға орнынан Екібастұзда тұратын 48 жастағы Дмитрий Кельплер мен 26 жастағы Иван Черемухиннің құжаттары табылды. Кейін И. Черемухиннің тірі екені анықталды, ол құжаттарын адам тасымалдап, күн көрген таксишіге кепілдікке қалдырып кеткен.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін