Астанада валюта айырбастау пунктіне қарақшылық шабуыл жасаған күдікті ұсталды
![]() |
Елордадағы «Байлық Finance» валюта айырбастау пунктіне қарақшылық шабуыл жасаған күдіктіні |
полиция қызметкерлері тәулік ішінде қолға түсірді, деп хабарлады Астана ІІД баспасөз қызметінен.
17 тамызды таңғы сағат 6-да орын алған Республика даңығылы бойында орналасқан «Байлық Finance» валюта айырбастау пунктіне қарақшылық шабуылдау фактісі бойынша жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында 22 жастағы Ақмола облысының тұрғыны ұсталды.
Полиция қызметкерлері ҚР ҚК «Қарақшылық» бабы бойынша сот алды тергеуін жүргізуде. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті дәлелді айғақтар берді.
Күдікті уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін