Астанада велосипед ұрлап жатқан жігіт камераға түсіп қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 441.58
  • 480
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада  велосипед ұрлап жатқан жігіт камераға түсіп қалды

Астанада велосипед ұрлап жатқан жігіт камераға түсіп қалды

Аңғал ұрлықшы! Астананың тура орталығында  велосипед ұрламақ болған жігіт өз-өзін ұстап берді. Себебі оның әрекеті камераға түсіп қалған.

  • 7 Қазан 2014
  • 194
Фото - Caravan.kz


Алдымен маңайда тірі жанның жоқ екенін барлап алған жігіт көзіне көрінген пәтер нөмірін басып, сыртқы есікті оңай ашады.Сөйтіп подьезде тұрған велосипедттіңшынжырын қысқышпен қиып, ақырын  сыртқа алып шыққан. Тіпті, құдды өзінің дүниесі секілді велосипедке қарғып мініп жайбарақат кетіп қалады. Қазір полиция камераға түскен жігіттің бет-бейнесін жасап, іздестіріп жатыр. Тұрғындардың айтуынша, дәл осы аулада ұрлық-қарлық жиі болғандықтан, таяуда бақылау камерасы орнатылған екен. Сол құрылғы баукеспені ұстап беріп отыр. Ал қауіпсіз қалаға айналуы тиіс Астанада ала жаздай жүзден астам екі дөңгелекті көлікті ұрлап әкеткен. Тәртіп сақшылары оның тек жартысын ғана иелеріне қайтара алған. 

Соңғы жаңалықтар