Жарияланды: 450

Астанада «Жасыл көпір» бағдарламасы бойынша нақты ұсыныстар әзірленуде

Астанадағы «Қазгидромет» ғимаратында «Жасыл көпір» бағдарламасы бойынша нақты ұсыныстарды әзірлеуге арналған семинар өтуде.

Семинар жұмысына отандық және шетелдік сарапшылар қатысуда. ҚР Қоршаған ортаны қорғау вице-министрі Мәжит Тұрмағамбетовтың айтуынша, іс-шараның басты мақсаты - еліміздің экология саласындағы халықаралық бастамасы - «Жасыл көпір» бағдарламасын іске асыру бойынша нақты ұсыныстарды әзірлеп, ағымдағы жылы қыркүйектің 21-23-і күндері Астанада өтетін экология министрлерінің конференциясында осы ұсыныстарды жария ету. «Қазіргі кезде Еуропа «жасыл экономика» негізінде жұмыс істеп келеді. Енді, олар біздің де осы саладағы нақты жобаларымызды көргісі келіп отыр. Сондықтан біз өз әлеуетіміздің мүмкіндіктерін барынша көрсетіп, шағын және орта бизнестің осы әлеуетті жүзеге асыруға атсалысуын көздейміз. Айта кету керек, бүгінгі таңда Германия, Франция және Корея елдері біздің экологиялық бастамаларымызға үлкен қызығушылық танытып отыр», - дейді М.Тұрмағамбетов.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін