Астанада жергілікті тұрғынның көлігін тонаған Грузия азаматтары құрықталды - kaz.caravan.kz
  • $ 487.17
  • 565.65
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада жергілікті тұрғынның көлігін тонаған Грузия азаматтары құрықталды

Астанада жергілікті тұрғынның көлігін тонаған Грузия азаматтары құрықталды

 Астанада жергілікті тұрғынның көлігін тонап жатқан Грузия азаматтары құрықталды.

  • 25 Қараша 2014
  • 419
Фото - Caravan.kz


Елорда ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, олар ашық қалған көліктен ішінде 1 млн теңгесі бар портфельді ұрламақ болған. Көлігіне қайтып келген астаналық азамат портфельді алып, "Фольксваген" көлігіне мініп қашпақ болған белгісіз адамды байқап қалған көрінеді.
Зардап шегуші ұрыларды көлігімен қуып, кептеліске келген кезде "Фольксвагенге" жаяу-жалпы жетпек болыпты. Сол сәтте оған өтіп бара жатқан полицейлер де көмекке келген.
Күдіктілер қолға түсті. Олардың екеуі де Грузия азаматтары болып шықты. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдіктілер уақытша тергеу изоляторына тоғытылды.