«Қаладағы ұн өнеркәсібі саласындағы монополист болып табылатын «Цесна Астық» компаниясымен келісімге келдік, соған сәйкес, 1 маусымнан бастап жоғарғы және бірінші сұрыпты ұнның бағасы 10%-ға арзандады», -деді Т. Жақсылықов.
Оның айтуынша, ағымдағы жылдың мамыр айында 2007 жылдың желтоқсан айымен салыстырғанда тұтыным бағаларының индексі 105,8% құрады. «Ең көп қымбаттағаны ет және ет өнімдері — 3,9%, нан өнімдері — 2,8%, сондай-ақ, жеміс-көкөніс өнімдерінің кейбір санаттары — 1,9%», — деді орынбасар.
Осы орайда ол «азық-түлік өнімдерінің бағасын ұстап тұру үшін барлық қажетті шаралар қолданылып жатыр»,- деді. «Үшінші тоқсанда жылдық қуаты 2,8 мың тонна өнім шығаратын ет өңдеу комбинатын іске қосуды және жеміс-көкөніс өнімдерін ұлғайтуды көздеп отырмыз», -деді Т. Жақсылықов.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті