Астанада жолақысы 90 теңге болмақ - kaz.caravan.kz
  • $ 487.02
  • 552.23
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада жолақысы  90 теңге болмақ

Астанада жолақысы 90 теңге болмақ

Елордада жақын күндері жолақысы қымбаттайды. Қоғамдық көліктердегі билеттің құны бірден 90 теңгеге шарықтамақ. Бұл туралы бүгін қала әкімдігі хабарлады.

  • 13 Тамыз 2014
  • 559
Фото - Caravan.kz


Жергілікті мәслихат депутаттары осындай ұйғарымға келіпті. Әзірге жаңа тарифтің нақты қай күннен бастап  енетіні белгісіз. Анығы,  бұдан былай қоғамдық көліктерде жүру ересек жолаушылар үшін – 60 теңгеден 90 теңгеге, ал балалар билеті  40 теңгеге қымбаттайды. Бұған себеп: соңғы алты жылда Астанада жол ақысы  бір тиынға да өзгермеген.  Ал, осы аралықта жанармай бағасы мен көлікке қажетті бөлшектердің құны бірнеше есеге өсті. Соның салдарынан жолаушы тасымалдайтын мекемелер шаш-етектен шығынға батып отыр екен. Қазір Елордада күніне 750 мың  жолаушыныны діттеген жеріне жеткізіп жүрген 900-ге жуық автобус бар. Жалпы, тасымалдаушы компаниялар жол ақысын  көтеру туралы  жыл басынан бері айтып  келеді. Ол үшін арнайы жұмыс тобы құрылып, ақыры кәсіпкерлердің өтініші орындалатын түрі бар.