Астанада жолаушылар автобусымен соқтығысуға жол берген жүргізуші ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 487.17
  • 565.65
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада жолаушылар автобусымен соқтығысуға жол берген жүргізуші ұсталды

Астанада жолаушылар автобусымен соқтығысуға жол берген жүргізуші ұсталды

 Астанада сенбі күні кешкісін N43 жолаушылар автобусымен соқтығысқан бетон араластырғыш көліктің жүргізушісі ұсталды.

  • 24 Қараша 2014
  • 398
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы  Астана ішкі істер департаментінің баспасөз хатшысы Софья Қылышбекова мәлімдеді.
«ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 132-бабы бойынша, жүргізуші ұсталып Астана ІІД уақытша оқшаулағышына қамалды», — дейді ол.
Қозғалған қылмыстық іс шеңберінде жол апаты бойынша бірқатар сараптамалар тағайындалып, тексеру жүргізілуде.
Бұрын хабарланғандай, Астанада жол апаты сенбі күні кешкісін Қабанбай батыр мен Керей-Жәнібек хандар атындағы көше қиылысында болды. Соқтығысу салдарынан жиырмадан астам адам зардап шекті, ІІД соңғы мәліметіне сәйкес, бес жолаушы орташа ауырлықтағы жарақатпен ауруханада жатыр.