Астанада жыл басынан бері 47 адам менингококк инфекциясын жұқтырған - kaz.caravan.kz
  • $ 485.4
  • 550.69
+29 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада жыл басынан бері 47 адам менингококк инфекциясын жұқтырған

Астанада жыл басынан бері 47 адам менингококк инфекциясын жұқтырған

Күннің қатты ысуына байланысты Астанада менингит инфекциясының өршу маусымы бір ай бұрын басталды.

  • 17 Шiлде 2014
  • 628
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Тұтынушылар құқығын қорғау агенттігі төрағасының орынбасары – еліміздің бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин мәлім етті.

«Жыл басынан бері Астанада 47 менингококк инфекциясын жұқтыру фактісі тіркелді. Әдетте, сырқат тамыз-қыркүйек айларында белең алады. Бірақ биыл жаздың басы қатты ыстық болғандықтан бір ай бұрын басталды», — деді Ж.Бекшин бейсенбі күні ОКҚ өткен брифингте.

Оның айтуынша, қазір «эпидемиологтар мен инфекционист-дәрігерлер бұл проблемамен айналысып жатыр».


Өз кезегінде, Денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекова «жағдай жіті бақылауда» деп сендірді.