ТЖ министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, жексенбі күні «Медина» тұрғын үй кешенінің құрылыс алаңында «Элитстрой Қазақстан» ЖШС 20 жастағы жұмысшысы зардап шекті. Ол төртінші қабаттан құлаған.
Дәл сол күні осындай оқиға «BI-Group» компаниясы салып жатқан «Bi Village» коттедж қалашығында да болған. Электр монтаждау жұмыстары барысында 2-қабаттан құлаған 42 жастағы жұмысшы ауруханаға жеткізілді.