Астанадағы «Шанхай» базарынан тағы да шу шықты
Астанадағы «Шанхай» базарынан тағы да шу шықты. Жол бойын заңсыз тұраққа айналдырып алған қалааралық автобустарға Елорда маңындағы Қоянды ауылының тұрғындары қарсы. Өйткені бұл елді мекеннің халқы Астанаға тура базардың қасындағы аялдама арқылы қатынайды. Ал Шымкент, Тараз бағытындағы автобустардың кондукторлары жұрттың қоғамдық көлікке мініп-түсуіне кедергі келтіріп, жүріп-тұруына мүмкіндік бермейді екен. Солардың жұлқылауынан |
Қызыл кеңірдек болып айқайласып жатқан Астана маңындағы Қоянды ауылының тұрғындары мен қалааралық автобустардың жүргізушілер. Тараз, Шымкент бағытына қатынайтын автобустардың кондукторлары жергілікті жұрт қоғамдық көліктен түсе салысымен «қайда барасың» деп алқымынан алады екен. Ал күнде Астанаға келіп жұмыс істейтін адамдар Қояндыға дәл осы аялдама арқылы қатынайды.
Рахима Бернақова, Қоянды елді мекенінің тұрғыны:
- Автобустан түсесің, алдыңнан шығады. Туда-сюда адамады кәдімгідей зорлап алып кетеді. Айналық келгенде біз – қарапайым халық қиналамыз. Кешігіп барамыз остановкаға, уақытында міне алмаймыз.
Тұрғындар шағымдарын айтып шулап жатқанда, кондукторлар аялмадамаға тоқтаған қоғамдық көліктің алдынан жүгіріп шығып, күнделікті әдетіне басты.
Шымкент, Таразға адам таситын бұл автобустар базардың кіре берісі мен айналасын заңсыз тұраққа айналдырып алған. Мемлекетке бір тиын да салық төлемейді. Ең қызығы, оларға ешкімнің сөзі жүрмейді екен. Әбден мезі болған тұрғындар қаншама рет полицияға шағымданыпты. Алайда ашулы әйелдер лицензиясы жоқ автобустардың нөмірін шешіп алуға келген сақшылардың өзін сабап тастаған.
- ГАИ келеді. Нөмірді шешетін кезде ГАИ-ді ұрады. До этого пассажирді пышақтады, одан кейін атыс болды. Мұны тоқтату керек қой.
Жалпы, «Шанхай» маңындағылар жиі шайқасып тұрады. Бұған дейін дәл осы қалааралық автобус жүргізушілері билетін кері қайтарғаны үшін жолаушыны пышақтап тастаған еді.
Заң бойынша қоғамдық орында жұртқа жабысып, мазасын алғаны үшін жазаланады. Яғни қазір өтіп бара жатқан адамға өз қызметіңізді ұсынып, соңынан еруге және қайыр сұрауға болмайды. Ол үшін 10 мың теңгеге жуық айыппұл салынады. Егер екінші рет қайталанса, түрмеге қамалады. Алайда Астанадағы орталық базардың маңын өз беттерінше тұраққа айналдырған қалааралық автобус жүргізушілеріне бұл заңның еш құзыры жүрмей тұр.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін