Жарияланды: 430

Астанадағы спорттық нысандар Қазақстанда Олимпиада ойындары мен Әлем чемпионаттарын өткізуге мүмкіндік береді - Монако Князі

Ағымдағы жылдың 3 қарашасы күні өзінің Қазақстан Республикасына ресми сапары барысында Монако Князі ІІ Альбер Астанадағы «Сарыарқа» республикалық велотрегін аралап көрді.

ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының орынбасары Елсияр Қанағатовпен кездесу барысында Монако Князі Астана туралы, соның ішінде Бейбітшілік және келісім сарайының, «Алау» мұз сарайының, «Хан Шатыр» СОСО-ның бірегей архитектурасы туралы өзінің әсерімен бөлісті. Сондай-ақ ІІ Альбер барлық спорттық нысандардың, соның ішінде велотректің инфрақұрылымы Қазақстанда Олимпиада ойындары мен Әлем чемпионаттарын өткізуге мүмкіндік беретіндігін атап өтті.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін