Астанаға Мәскеудің әмірі жүрмейді! - kaz.caravan.kz
  • $ 474.26
  • 514.48
+31 °C
Алматы
2024 Жыл
12 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанаға Мәскеудің әмірі жүрмейді!

Астанаға Мәскеудің әмірі жүрмейді!

Астана импорттық өнімдерге одақтастармен бірдей шектеу қоймайды. Бүгін Ауыл шаруашылығы министрлігі норвегиялық балықты Қазақстанға жеткізуге Ресей тыйым салыпты деген ақпаратқа қатысты осындай мәлімдеме жасады. Яғни, қанша одақтас болса да, Мәскеудің өз жерінде тыйым салынған тауарды бізге де келтірмей қоюға хақысы жоқ.

  • 29 Тамыз 2015
  • 375
Фото - Caravan.kz

Алайда Ресейдің Ветеринарлық және фитосанитарлық қадағалау қызметі Новегиядан жеткізілетін балықтың 14 түрін, лажы болса, қазақтардың да жемеуіне кеңес берген екен. Оған ресми Ослоның арнайы фитосанитарлық бақылаудан өтуден бас тартуы себеп болған. Қазір Ресейде осыған байланысты Батыстан импортталатын біршама азық-түлік тауарларына уақытша тыйым салынған. Бірақ бұның бізге қатысы жоқ. Сондықтан теңізден алынатын жеңсік асты жейтіндердің қалауы бәз қалпында қалмақ. Оның үстіне, шикі өнім отандық технологиямен өнделген соң «Қазақстанда жасалған» тауар санатына еніп кетеді екен.

Валерий Илюхин, кәсіпкер:

— Ресейдегі тыйымның бізге ешқандай әсері болып жатқан жоқ. Біздің мемлекеттен тыйым айтылған жоқ қой. Сондықтан жұмысымыз өзгеріссіз. Норвегиядан да тауар алдық. Міне, бүгінде бір партиясы келді. Олардан консервленген өнімдер жасаймыз. Ал ол – Қазақстанның өнімі саналады.