Өзбекстан Президентін келген сайын Назарбаевтың өзі күтіп алатын. Алайда, бүгін Елбасының жұмыс кестесі өте тығыз. Сондықтан Ислам Кәрімовты премьер-министр Кәрім Мәсімов қарсы алды. Негізі, протоколға сай Өзбекстан басшысының мемлекеттік іс-сапары ертең басталады. Десек те, бүгін бейресми жағдайда Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесу өткізбек.