Жарияланды: 490

Астанаға «Symphonicity» бағдарламасымен әлем жұлдызы Стинг келеді

Астанаға «Symphonicity» бағдарламасымен әлем жұлдызы Стинг келеді

4 шілде күні Астанадағы «Сарыарқа» республикалық велотректе әлемге белгілі әнші Стингтің концерті болады. Ақпарат Астананың мерекелік іс-шаралар сайтында жарияланды.

Ресми сайттың мәліметіне сүйенсек, Стингтің «Symphonicity» бағдарламасына әншінің жеке орындауындағы хит әндері және симфониялық оркестрмен айтылатын әндер енген. Өз кезінде Стингтің орындауындағы әндер ұзақ уақыттар бойы хит-шерулердің ең жоғарғы сатыларынан түспей, оған көптеген атақ алып келген болатын. Әншінің ол әндері мультиплатиналық альбомдарға еніп, күй табақтар 100 млн. көшірмемен сатылды. Британиялық әнші 13 маусым күні Мәскеуде қазақстандық журналистерге эксклюзивті сұхбат беретін болады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть