Жарияланды: 340

Астаналық прокуратура: «Сабақты таңғы 7.40-та бастау заңға қайшы»

Астаналық атқамінерлердің мектептерді жаңа кестеге ауыстыру туралы ұсынысы мүлдем жүзеге аспай қалуы мүмкін. Қалалық прокуратура сабақты таңғы 7:40-та бастау заңға қайшы екенін  мәлімдеп, әкімдікке ескерту жасады.

Елордалық шенеуніктер шаһардағы 17 мектептің сабақ кестесін бұрынғыдай таңғы 8-де емес, 7:40-та бастау туралы ұсыныс жасаған болатын. Атқамінерлер балаларды мектепке жарты саған ерте  жіберіп, қала көшелеріндегі көлік кептелісін  азайтпақ екен. Алайда ата-аналар  бірден қарсы шықты. Психологтардың айтуынша, бұл уақытта балалардың  ұйқысы қанбайды. Салдарынан  үлгерімі төмендеп, оқушылардың денсаулығына кері әсер етеді. Елордалық шенеуніктер тек мектептердің ғана емес, кейбір кәсіпорындар мен мекемелердің де жұмыс уақытын ауыстырмақ болған еді. Ал Білім министрлігі бұл мәселені ата-налармен ақылдасып шешу керек деп отыр. Бірақ Аслан Сәрінжіповтің  өзі  баласын таңғы қай уақытта болса да мектепке жіберуге келіседі екен.

Аслан Сәрінжіпов, ҚР Білім және ғылым министрі:

- Тәртіпке бағынатын ата-ана ретінде мен айтқан уақытта баланы сабаққа алып барамын. Ал, Білім министрлігі Астана әкімдігіне бұл мәселені ата-аналармен, ұстаздармен ақылдасып шешу туралы кеңес берді. Жаңа кесте қазір талқыланып жатыр.  

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін