Астананың көлік жүйесі Бангкокта таныстырылды - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астананың көлік жүйесі Бангкокта таныстырылды

Астананың көлік жүйесі Бангкокта таныстырылды

Бангкок қаласында «Азия-Еуропа» Губернаторлар мен Мэрлердің үшінші отырысы өтіп жатыр. Кездесудің басты тақырыбы «ASEM Goes Local: Инновациялар мен Регенерация» биыл төрт басым бағыттан құралған: апатты жағдайлардың зардабын жою, экологиялық мәселелердің әсеріне жауап, трафик және көлік басқару, туризмді және мәдени әралуандылықты басқару, деп хабарлады astana.gov.kz.

  • 13 Наурыз 2015
  • 595
Фото - Caravan.kz

Отырыс секцияларының бірінде қазіргі заманғы қалалардағы көлікті басқару мен көлік трафиктері талқыланды. Астана қаласында қоғамдық көлік жолаушыларының ағынын басқарудың заманауи әдістері қолданылады. Жақын арада жолақы төлеудің электронды жүйесі енгізіледі, бұл жүйе елорданың көлік саласын едәуір оңтайландырады.

«ЭКСПО — 2017» халықаралық көрмесіне дайындық жұмыстары аясында 2017 жылға қарай қоғамдық көліктер жұмысын ұйымдастыру айтарлықтай өзгертіледі деп күтілуде. Осындай заманауи жүйенің бірі болып арнайы бөлінген желілермен қатынайтын жылдам жүретін автобустарға арналған БРТ құрылысын атауға болады. Сонымен қатар, жеңіл рельсті көліктер жүйесі енгізілмек. Ол Астананың халықаралық әуежайы мен көрме өтетін аумақты және жаңа теміржол вокзалын біріктіреді. ЖРК жол жүру қашықтығы 21 км құрайды.

Шараға қатысушылардың айтуынша, үлкен шаһарлардағы көлік жүйесін басқару және оның жұмысын ұйымдастыру үлкен жауапкершілікті талап етеді. Қоғамдық көлік жүйесінде қалалардың орналасу географиясы мен инфрақұрылымның дамуы да ескерілуі қажет.


Кездесуге қатысушылар сондай-ақ, үш күн бойы қазіргі заманғы қалалар мен мегаполистердің даму жолдарын талқылайды. Ірі қалаларда жанданатын энергия көздерін пайдалану мәселелері де көтерілді. Мысалы, бензоспирт, био-дизель секілді жанармай көздерін пайдаланатын адамдарды марапаттау керектігі айтылды. Жасыл құрылысқа ерекше көңіл бөлінеді. Форумға қатысушылар электр энергиясын үнемдеу бойынша пікір алмасты.