«Елордасының 10 жылдық мерейтойына байланысты мерекелік шаралар өткізілетін кезеңде қала көшелерінде автокөлік кептелісі туындап, олар ғимараттардың жандарындағы тұрақтарға қойылмақ. Осыған байланысты өрт сөндіруші топтардың өрт шыққан жерлерге кедергісіз жетуін қамтамасыз етіп, сол маңдағы алаңды көп қабатты ғимараттардың жанында өрт сөндіру техникасын орнату үшін босатуды, өрт сөндіру гидранттары орналасқан жерлерді сол маңға қойылған көліктерден тазарту, ортлық өрт байланысы бөлімін түрлі көшелердегі қозғалыстың тоқтатылғаны туралы ақпараттарды беруді қамтамасыз ету қажет», — деді Б. Құтпанов.
«Осыған байланысты Астанадағы барлық ПИК төрағаларына тұрғын үй ғимараттарының ауласында міндетті түрде өрт сөндіруші көліктерді қоятын орын қалдыру және өрт сөндіретін гидранттарға баратын жолды бөгемеу жөнінде менің қолым қойылған хабарландыру жіберілді», — деді ол.
Б. Құтпановтың айтуынша, өрт сөндірушілердің Астана қалалық жол полициясы басқармасымен ықпалдастық жоспары жасалған, бұл басқарма өрт шыққан жағдайда өрт сөндірушілермен бірге міндетті түрде эвакуатор жібереді. «Сөйтіп, бізге өрт сөндіруге кедергі келтірген көліктерді осы эвакуатор алып кетеді», — деді Б. Құтпанов.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті