Жарияланды: 380

Астананың қоғамдық көліктерінде «электронды билет» енгізіледі

Астананың қоғамдық көліктерінде «электронды билет» енгізіледі. Бұл туралы өзінің блогында елорда әкімі Иманғали Тасмағамбетов хабарлады.

«Бүгінгі күні жол қозғалысы ережелерін бұзудың, бағдарлардағы бірін-бірі басып озудың, жолаушыларға қызмет көрсету сапасы төмендігінің басты себебі қолма-қол ақша жинаудан болып отыр. Осы аталған кемшіліктерді жою және сервис қызметін жақсарту мақсатында бүгінгі таңда 2013 жылы жолаушыларға билетті электронды түрде беру - «Электронды билет» жобасы» пысықталуда, деп жазды И.Тасмағамбетов. Оның айтуынша, бұл ілкі жоба, оның бастапқы кезеңінде қалалық қоғамдық көліктерде кондукторлар өз жұмыс орындарын сақтайды. Ал жүйенің өзін кезең-кезеңімен енгізу көзделуде. «Әзірге кондукторлардың жұмыстан босап қалуға қапалануының жөні жоқ»», - деп қосты әкім.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін