Астық түсімі 2008 жылы 16 - 17 млн тоннаны құрайды деп күтілуде - Ауылшаруашылығы министрлігі - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астық түсімі 2008 жылы 16 - 17 млн тоннаны құрайды деп күтілуде - Ауылшаруашылығы министрлігі

Астық түсімі 2008 жылы 16 - 17 млн тоннаны құрайды деп күтілуде - Ауылшаруашылығы министрлігі

Астана. 13 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Астық түсімі 2008 жылы 16 - 17 млн тоннаны құрайды деп күтілуде . Бұл туралы Ауыл шаруашылық министрлігінің егін шаруашылығы және фитосанитарлық қауіпсіздік департаментінің директоры Анна Буць мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

  • 13 Маусым 2008
  • 533
Фото - Caravan.kz

«Егер маусымда ылғал қалыпты нормада түссе, тиісінше, вегетациялық кезеңде түрлі аурулар мен зиянкестер залал келтірмесе, астық түсімі биыл 16 — 17 млн тоннаны құрайды деп күтілуде «, — деді А. Буць.

Оның айтуынша, «болжам бойынша, негізгі астықты аймақтарда күз-көктемгі ылғал қорына қарай және көктемгі жаңбырларға қарай түсім кейінгі 4-5 жылдық орташаның деңгейінде болады деп күтуге болады».

«Оңтүстік және шығыс өңірлерде қуаңшылық болса, солтүстік және батыс өңірлерде ағымдағы маусымда жайлы болмақ», — деді А. Буць.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті