Жарияланды: 430

Астықты ысырап қылғаны үшін 90,4 миллион теңге айыппұл төлейтін болды

Астықты ысырап қылғаны үшін 90,4 миллион теңге айыппұл төлейтін болды

Ақмола облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты «Азық-түлік корпорациясы» АҚ-ның «Д» Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестігіне қатысты бұзылған астықтың шығынын өндіріп беру туралы талап арызын қарады. Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметінен хабарлады.

Сот анықтағандай, «Азық-түлік корпорациясы» АҚ «Д» ЖШС-не бидайды сақтауға берген. Астықты қабылдағаны және оның сапасы туралы АҚП-не (астық қабылдау пункті) кепілхат берген. 

Азық-түлік корпорациясы астықтың жағдайын білу мақсатында жоспардан тыс тексеру жүргізіп, нәтижесінде астықтың сапалық көрсеткіштерге сәйкес келмейтіндігін, яғни,  сапасыз екенін анықтаған. 

Сол себепті сот бұзылған астықтың шығынын өндіріп алуға негіз бар деп таныды.

Келісім-шарттың 5-бөлігінің 1-тармағына сәйкес сақталатын дәннің жетіспеуі, бүлінуі, бұзылуы, сапасының нашарлауы орын алған жағдайда АҚП (астық қабылдау пункті)  Азық-түлік корпорациясының пайдасына бүлінген астық құнының  20 пайызы көлемінде айыппұл төлеуі қажет делінген, себебі оның сапасы төмендеген.

Ал, бұл 452 337 668, 40 теңгенің 20 пайызына шыққанда 90 467 533, 68 теңгені құрайды.

Сот жауапкерден белгіленген сомманы өндіріп алуға шешім шығарды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін