Ата-анам қажы. Намаз оқып жүргеніме 6 жыл болды - Мөлдір Әуелбекова - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+4 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ата-анам қажы. Намаз оқып жүргеніме 6 жыл болды - Мөлдір Әуелбекова

Ата-анам қажы. Намаз оқып жүргеніме 6 жыл болды - Мөлдір Әуелбекова

Белгілі әнші Мөлдір Әуелбекова ата-анасы мен бауырларының бәрі намазхан жандар екенін айтты.

  • 5 Ақпан 2021
  • 280
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы әншінің желідегі парақшасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Әнші оқырмандарына дінге қанша уақыттан бері бет бұрғандығы жөнінде жазба қалдырды.

"Менің намазым! 

"Намазға қалай келдіңіз" деп сұраушылар өте көп. Көбіне намазға орамалды болғалы келді деп ойлайды екен. Жоқ, олай емес. Намазға келгеніме Аллаға шүкір бшы жыл кетті. Себепкер өзімнің асқар тауым — әкем Есіркеп қажы. Иә, әкем де, шешем де қажы. Әлхамдулиллях! Біз Әуелбековтер үй ішімен намаздамыз: әке-шешем, әпкем, әпкемнің екі үлкен 13/15 жасар балалары, інім-келінім және мен. Намаз оқуым жайлы тек өзімнің ортам білетін. Тыныш қана намазымды оқып, әнімді шырқап, тек етегі ұзын киіп жүре бергеніммен, орамал тағу ойымда арманым болып жүрді. Өйткені, намаз оқып, діни білімім артқан сайын, Алланың әмірлерінен көбірек хабардар болып, шаш пен мойын әурет екенін біліп жүрдім. Бірақ, жаулыққа келуім ұзағырақ болды. 5 жыл ниеттендім. Ниетім араға 5 жыл салып қабыл болды. Қазір Аллаға шүкір намазым да, орамалым да тугел. Көңілім тыныш!

Орамалым жайлы келесі жолы айтып беремін! Сұрақтарыңыз болса, айтарыңыз болса мархаба!",деп оқырмандарының ой-пікірін білгісі келді. 


Естеріңізге сала кетейік, әнші есімін де өзгерткені жайлы жазған болатынбыз.

 

Соңғы жаңалықтар