Жарияланды: 400

Аттестаттау қорытындысы бойынша Қызылорда облыстық ТЖД-ның 32 қызметкері жұмыстан шығарылады

Кеше Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаменті өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттаудан өткізу қорытындысына арналған баспасөз-мәслихаты өтті.

Кадр жұмысы бөлімінің бастығы өртке қарсы қызмет майоры Вероника Цойдың мәлім еткеніндей, департамент бойынша барлығы 605 қызметкер кезектен тыс аттестаттаудан өтті. Оның ішінде жоғары аттестаттау комиссиясынан - 1 қызметкер, орталық аттестаттау комиссиясынан - 14 қызметкер және өңірлік аттестаттау комиссиясынан 590 қызметкер өтті. Нәтижесінде ТЖД-ның 18 қызметкері атқаратын лауазымына сәйкес келеді және кадр резервіне қабылдау үшін немесе жоғары тұрған лауазымға жылжытуға ұсынылды, 528-і атқаратын лауазымына сәйкес келеді деп танылса, атқарып отырған лауазымдарына сәйкес келмейтін 22 қызметкер қызмет бойынша төмендетуге, 5 қызметкер басқа қызметке (лауазымға) ауыстырылуға және 32 қызметкер құқық қорғау органынан қызметтен босатуға ұсынылады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін