Атырау облысы Канадамен ынтымақтастығын нығайтып жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атырау облысы Канадамен ынтымақтастығын нығайтып жатыр

Атырау облысы Канадамен ынтымақтастығын нығайтып жатыр

Атырау облысының Канадамен ынтымақтастығында негізгі басымдық агроөнеркәсіп секторын дамытуға жасалады. Бұл туралы Атырауда болған кездесуден соң аймақ басшысы Бақтықожа Ізмұхамбетов пен Канаданың Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы және Тәжікстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Шон Стайл мәлімдеді.

  • 2 Наурыз 2016
  • 284
Фото - Caravan.kz

«Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін алғаннан бері екі елдің арасында сауда-экономикалық ынтымақтастық ұдайы даму үстінде. 2015 жылдың қаңтар-қараша айында сауда айналымының көлемі 62 млн. АҚШ долларын құраған. Каспий маңында әлемнің 50 елі мен канадалық капиталдың үлескерлік қатысуымен алты компания жұмыс істеуде», — деп хабарлады Б.Ізмұхамбетов.

Аймақ басшысы канадалық инвестицияларды облыстың ауыл шаруашылығына тартуға мүдделілік танытты.

Канада Елшісі Шон Стайл қабылдау үшін алғысын білдіріп, Атырауда өзін үйінде жүргендей сезінетінін атап өтті. Ол Атырау облысы мен Канадада климаттық ұқсастығына және минералдық ресурстар қорының Канададағыдай екеніне назар аудартты. Бұл ынтымақтастықты күрделі проблемаларсыз дамытуға мүмкіндік беріп отыр. Сондай-ақ, тек экономикада емес, білім беру және басқа да салаларды қамтуға да жағдай туғызады.