Жарияланды: 450

Атырау облысында биылғы 7 айда 87 млн. теңгенің атаулы әлеуметтік жәрдемақысы берілді

Атырау облысында атаулы әлеуметтік жәрдемақыға 153 млн. теңге бөлінді. Ал 2003-жылдың 7 айында бұл қаржының 87 млн. теңгесі игерілді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне облыстық еңбек, тұрғындарды жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасынан хабарлады.

"Атаулы әлеуметтік жәрдемақы туралы" заң 2002-жылдың 1-қаңтарында күшіне енген. Заңға сәйкес атаулы әлеуметтік жәрдемақы айлық кірісі ең төменгі кедейлік шегіне де жетпейтін адамдарға беріледі. 2003-жылдың үшінші тоқсанында бұл шек 2605 теңгені құрады. Отбасының кірісі туралы мәліметті әлеуметтік қорғау мекемелеріне алушының өзі әкеліп беруі тиіс. Алайда, облыстық басқармадағылардың айтуынша, жалақысы туралы жалған анықтама әкеліп мемлекетті материалдық шығынға ұшырататындар да табылады екен. Мәселен, атаулы әлеуметтік жәрдемақы төлеміне былтыр 207 млн. теңге төленген, алайда соңынан белгілі болғанындай, заңсыз артық төленген қаржы 579 мың теңгені құрапты. Әлеуметтік жәрдемақыны заңсыз алғандар ақшаны мемлекетке қайтаруы тиіс, ал жәрдемақының артығымен төленуіне айыпты лауазым иелеріне жаза жүктеледі деп сендіреді басқармадағылар.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть