Осы дау шыға салысымен перзентханада шетінеп кеткен 10 сәбидің мүрдесі қазып алынып, тексеруден өткізілген. Бірақ, олардың бір де біреуі Сәуленің баласы болмай шыққан. Ал анасы нәрестенің тірі екеніне сенімді. Тіпті қызы дәрігерлердің бірінде болуы да мүмкін екенін айтады.
Сәуле Бапаева, зардап шегуші:
— Менің күмәнді адамдарым – осы Жылой перзентханасының дәрігерлері Бейісова Балгүл, Мамбетова Сауле, тағы да бір күдік болганы – Мамбетова Сауле үйге келіп отырып, балдарыңыз қайда, кімге ұқсайды, сізге ұқсай ма, жолдасыңа ұқсай ма деп қайта қайта сұрай берді. Не себепті ол сұрады? Мүмкін, менің тірі қызымның қайда екенін біліп, өскенде осыларға ұқсап қалмас па екен деп сұрап отырған болар?
Қазір осы іске байланысты қозғалған қылмыстық іс 8 томға жетіпті. Дегенмен 5 жылдан бері соңғы нүтесі қойылмай келеді. Ерлі-зайыптылар енді осы іске қатысы бар тергеушілерді де сотқа берген. Қызыл жағалылардың бірде-бірі отырысқа келмеген. Есесіне, сәбидің әкесі Нұрланға белгісіз біреулер телефон соғып, «баланы қазып, сараптама жасатпаңыз, қажет болса, біз кінәлі дәрігерді тауып, жазалаймыз» деген көрінеді.
Нұрлан Ашықбаев, зардап шегуші:
— Бізге телефон соқты, сендер бейітті ашпай ақ қойындарсайшы. Ол мұсылманға күнә ғой. Одан да біз сендерге сізді бірінші қабылдаған дәрігерді жығып берейік, соны іске тартайық, тек сіз бейітт ашпаңыз деді. Кейін ол телефонның қайдан соғылғанын анықталды. Ол ДВД-ның тергеушілер бөлімінің бастығы Қашкенов Есмұқанның кабинетінен соғылған болып шықты.
Осы оқиғаға орай, қазір істің қалай жүргізіліп жатқанын білмек болып құқық қорғау органдарына хабарластық.
Балнұр Есенгелдинов, Атырау облыстық прокуратурасының басқарма бастығы:
— Қазіргі кезде қылмыстық іс бойынша сот молекулярлық сараптама тағайындалды біздің нұсқауымыз бойынша. Жалпы, қылмыстық іс бойынша прокуратура органдарымен іс зерделеніп, нұсқау берілген.
Сәуле мен Нұрлан былығы көп істің соңына жету үшін енді жатырды медициналық сараптамаға жіберген. «Егер жатыр менікі болып шықпаса, экспертизаны басқа жерге жасатамыз» дейді.
Сауле Бапаева, міне, осы жерде босанып, осы жерде сәбиінен көз жазып қалған. Дәрігерлердің кесірінен қан жұтып, қайғыға баттым деген ана енді ақ халаттыларды сотқа бермек. Ал осы осы оқиғағадағы басты кейіпкер Жылой аудандық орталық ауруханасы перзентхана бөлімшесінің меңгерушісі Сәуле Мәмбетова өзінің бірде операцияда екендігін, енді бірде қолының мүлде босамайтындығын айтып, сұхбат беруден бас тартты.